Ауыр атлетика
6 қыркүйек 2021 09:50

Әлемнің екі дүркін чемпионы 2035 жылға дейін шеттелді

©РИА Новости

Ресейлік ауыратлет Хаджимурат Аккаев допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін шеттелген еді, енді оның үстіне тағы жаза қосылды, деп хабарлайды "Чемпионат" Халықаралық ауыр атлетика федерациясына (IWF) сілтеме жасап.

Аккаев 2016 жылы 2 тамызда 2024 жылдың 1 тамызына дейін шеттелген. Енді бұл жаза 2035 жылдың 22 қаңтарына дейін созылды. 36 жастағы спортшы допингке қарсы регламенттің екі пунктін бұзған, осыған байланысты белгіленген мерзім аяқталғанша жарыстарға қатыса алмайды.

2012 жылғы Олимпиада сынамасы 2017 жылы қайта сарапталып, Аккаевтың қанында тыйым салынған дәрмек болғаны анықталды. 2019 жылы Ресейдің ауыр атлетика федерациясы IWF хабарламасын алып, спортшыны сегіз жылға шеттеген. Ал Халықаралық Олимпиада комитеті Хаджимуратты Пекиндегі Жазғы ойындардың қола жүлдесінен айырды.

Сонымен бірге, Аккаев 2004 жылғы Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері және әлемнің екі дүркін чемпионы (2004, 2011). 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport