Ауыр атлетика
29 қыркүйек 2021 14:23

Альберт Линдердің өлімінен кейін Қазақстан құрамасының бапкері қызметінен босатылды

©wfrk.kz. Сергей Седов

Бұрынғы ауыратлеттердің шағымынан кейін Қазақстан ауыр атлетика федерациясы арнайы комиссия құрды. Бұл комиссия Қазақстан ерлер құрамасының аға бапкері Сергей Седовқа байланысты шешім шығарды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 қыркүйектен бастап Седов тергеу жұмыстары аяқталып, тәуелсіз комиссияның шешімі шыққанша қызметінен босатылған. 

Еске салайық, 25 жастағы ауыратлет Альберт Линдердің қайтыс болғаны туралы ақпарат 17 қыркүйек күні шықты. Жастар арасында әлем, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы өз-өзіне қол жұмсаған. Осы жағдайдан кейін оның бауыры Семен Линдер спортшының барлық медальдерін көміп тастап, Қазақстан құрамасының бапкерлеріне шағымданды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport