Тяжелая атлетика
14 желтоқсан 2022 15:53

"Әлі сене алар емеспін". Қазақстандық зілтемірші ӘЧ-дегі жетістік жайлы

©Ауыр атлетика федерациясы

Қазақстандық спортшы Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынын толықтырды. Спортшы 96 келі салмақ дәрежесінде күміс медальді жеңіп алды. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Нұрғиса жарыс барысы туралы айтып берді. 

- Аллаға шүкір бәрі жақсы болды, Бірақ, жаттығу кезінде көтеріп жүрген салмақтарымды жарыс барысында бағындыра алмадым, өкінішті… Жарыстың аты жарыс! Көңіл күйім түсініксіз болып қалды, 2-орын алғаныма әлі сене алмай жатырмын.

- Жаттықтырушы қандай мақсаттар қойды?

- Осы жарыста жаттықтырушылар маған өте жақсы көмек көрсетті, кеңес берді. Алты рет жаттығуды сәтті орындасам, жүлделі орын болады деді. Орындай алғаным төрт жаттығу, шүкір, бұйырғаны.

- Уақыт айырмашылығы (уақыт белдеулері) сізді алаңдатты ма? Оған қалай үйрендіңіз?

- Колумбия мен Қазақстан арасындағы айырмашылық - 11 сағат. Біз уақытында демалуға тырыстық.

– Қазіргі әлем чемпионымен бір салмақ дәрежесінде сынға түсу қалай болды? Жарыс алдында бұл туралы ойландыңыз ба?

- Ондай қатты қорқыныш болмады. Лесманмен алдыңғы Азия чемпионатында жарысқа түскенбіз.

- Колумбиядағы жанкүйерлер қалай екен?

- Енді өз жерімдегідей емес. Өзіміздің жігіттердің қолдауын ғана естідім. Барша Қазақ елінің қолдауы жүрегімде болды.

Енді алдағы мақсатыңыз қандай?

- Спорттық мақсатым - 2023 жылғы жарыстарда Олимпиядаға жолдама жеңіп алу, өнерімді көрсету.

Сурет: Ауыр атлетика федерациясы

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport