Ауыр атлетика
29 қаңтар 2024 17:10

17 жастағы екі дүркін әлем чемпионы Абдрахманов допингпен "ұсталды"

©Ауыр атлетика федерациясы

Қазақстандық үш ауыратлет допингке қарсы ережені бұзғаны үшін ұзақ мерзімге шеттелді, деп жазады Vesti.kz дереккөзге сілтеме жасап. 

Допинг тексерісінен Никита Абдрахманов, Клим Башаргин және Мира Ахметова өте алмай қалды.

Атап айтқанда Абдрахманов пен Башаргиннің қанына "метандиенон" табылды: екеуі де үш жылға шеттелді (06.11.2023 - 06.11.2026). Ахметованың допинг тестінен "остарин" анықталды - ол төрт жылға шеттелді (06.11.2023 - 06.11.2027). 

Абдрахманов, Башаргин мен Ахметова тестті Шымкенттегі жаттығу жиыны кезінде тапсырған. Соның салдарынан олар 2023 жылы Гвадалахарада (Мексика) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына бара алмады.

17 жастағы Никита Абдрахманов (102 кг) - жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екі дүркін (2022, 2023) жеңімпазы, жастар арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2022) және жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының (2022) жеңімпазы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport