Гандбол
12 тамыз 2020 16:50

Гандболдан Азия чемпионаты қашан өтетіні белгілі болды

© olympic.kz
Азия гандбол федерациясы гандболдан әйелдер арасындағы құрлық біріншілігі өтетін мерзімді атады,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап. 


Азия гандбол федерациясының атқарушы комитеті әйелдер арасындағы бәсекенің өту уақытын жариялады. Әйелдер арасындағы Азия біріншілігі 10-20 желтоқсан аралығында өтеді. 

Аталған турнир 2021 жылы Испанияда өтетін әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі саналады. 

Құрлықтық федерация әлемдік гандбол ұйымымен ақылдаса келе, осындай шешім қабылдағанын мәлім етті.