Гимнастика
18 тамыз 2021 13:29

"Төрт рет қирады". Олимпиада финалына жеткен атлет Қазақстандағы жаттығу залдары жайлы айтты

Сурет: olympic.kz©

Токио Олимпиадасында үш рет финалға шыққан қазақстандық гимнаст Милад Карими болашақта гимнастарға арналған спорт залдары ашылады деп үміттенеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "7 арнадағы" "Студия 7" жобасына сілтеме жасап.

Жақында гимнаст Instagram-парақшасына залдағы гимнастикалық аспа жаттығу кезінде сынып кеткен сәттердің видеосын жариялады. Ол видео халық арасында осыншалықты талқыланатынын күтпегенін айтады. Карими видео арқылы қазақстандық гимнастика залдарында спортшыларға жағдай жасалмай, соншалықты нашар күй кешіп жатқандығын емес, бұл спортқа да көңіл бөлу керегін білдіргісі келген. 

"Қазақстанда жақсы екі зал ғана бар. Ол Алматыда. Ұлттық құрама осында жаттығады. Мұнда басқа аймақтағы залдарға қарағанда жабдықтар көп.

Гимнастикада бір нәрсе сынатын, құлайтын кездер ойламаған жерден болады. Мен бұл видеоға халық осыншалықты назар аударады деп күткен жоқпын. Өйткені бұл гимнастикалық аспа шамамен төрт рет сынған. Жылына бір үзілетін шығар. Бірде гимнастикалық аспа маған құлаған кез болған. Мен Корея спорт базасында болдым. Онда кешендердің көбі жаңа технологиямен жабдықталған. Бір түймені басса платформа көтеріледі, яғни төсеніштерді тасып жүрудің қажеті жоқ, болашақта бізде де осындай залдар ашыла жатар.

Жақсы зал туралы бала кезден армандаймын. Қазақстанда залдардың көбірек ашылғанын, балалардың көбірек жаттыққанын қалаймын. Өйткені гимнастика - спорттың барлық түрінің негізі", - деді Карими.


 Спортшы Олимпиада ойындарынан кейін біраз уақыт демалатынын, көп ұзамай Италияға қалпына келтіру лагеріне баратынын айтты.

"Келесі Олимпиадада бар күшімді жиып, жүлде үшін күресемін", - дейді Милад.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport