Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы Хорватияның Осиек қаласында өтетін Әлем кубогының төртінші кезеңіне қатысады.
Әлемдік додада ел намысын төрт спортшы қорғайды. Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов ат снарядындағы жаттығуда өнер көрсетеді. Милад Карими керме мен еркін жаттығуларда жүлде үшін бақ сынайды.
Ал Асан Сәлімов тіреуішпен секіруден жарысқа қатысады.
Әлем кубогының бұл кезеңі 10–13 сәуір аралығында өтеді.