Жапонияның Китакушу қаласында спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты аяқталды. Бұл біріншілікке Токио Олимпиадасында ел намысын қорғаған Милад Карими де қатысты. Қазақстан командасының бас бапкері Александр Ким Миладтың көрсеткішіне өз бағасын берді, - деп хабарлайды Olympic.kz.
"Милад Карими еркін жаттығуда жетінші орын алды. Ал гимнастикалық кермедегі жаттығуда ол өте қиын элементтерді орындады. Соған қарамастан, бесінші орында қалды. Енді мұнымен тоқтамай, алдағы жарыстарға дайындаламыз", - дейді бас бапкер.
Айта кетелік, әлем чемпионатында қазақстандық гимнастар төрт финалға шықты. Алайда, бапкерлер шешімімен Карими көпсайыстағы финалдан бас тартты.