Гимнастика
17 сәуір 16:56
 

Қазақстандық төрт гимнаст Әлем кубогі кезеңінің финалына өтті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық төрт гимнаст Әлем кубогі кезеңінің финалына өтті ©ҚР ҰОК

Дохада (Қатар) спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталды.

blog.share

Дохада (Қатар) спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталды.

Қазақстан ерлер құрамасы халықаралық турнирді сәтті бастады. Іріктеу кезеңінің алғашқы күнінің қорытындысы бойынша төрт гимнаст финалға жолдама алды.

Еркін жаттығулар бағдарламасында Милад Карими 13,800 ұпай жинап, екінші нәтиже көрсетті. Ал Алтынхан Темірбек 13,466 ұпаймен төртінші орын иеленіп, финалға шықты.

Сонымен қатар қазақстандық спортшылар ат снарядындағы жаттығулар бойынша да жүлде үшін күреседі. Нариман Құрбанов бұл бағдарламада 14,566 ұпай жинап, іріктеу кезеңінде екінші орын алды. Ал Зейнолла Ыдырысов 14,466 ұпай иеленіп, төртінші орынмен финалға өтті.

Іріктеудің екінші күнінде Милад Карими (кермедегі жаттығулар) және Алтынхан Темірбек (тіреуішпен секіру) өнер көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!