Гимнастика
Кеше 07:47

Қазақстандық гимнаст Әлем кубогі кезеңінде екінші алтын жеңіп алды

©ҚР ҰОК

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Каирде (Мысыр) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің екінші финалында да жеңіске жетті.

Карими кермедегі жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті. Ол бағдарламасын сәтті орындап, төрешілердің шешімімен 14,466 ұпай жинады.

Екінші орынды Мариос Георгиу (Кипр) – 14,066 ұпаймен иеленсе, үшінші орын Ноэ Сейфертке (Швейцария) бұйырды – 13,866 ұпай.

Айта кетейік, Карими бұған дейін еркін жаттығуларда да топ жарған болатын. Ол жалпы есепте де Әлем кубогының жеңімпазы атанды. Жалпы, оның қоржынында Әлем кубогында жеңіп алған алты алтын медаль бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport