Гимнастика
28 қараша 2021 09:58

11 жастағы қазақ бала акробатикадан әлем чемпионы атанды

©instagram.com/kazgymfederation

Қазақстандық 11 жастағы спортшы Ислам Қабдоллов батут гимнастикасынан әлем чемпионатында алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қабдоллов 11-12 жастағы спортшылар арасында акробатикалық жолда секіру түрінен сынға түсті. Ислам  31.100 балл жинап, бұл жарыс түрінен ең үздік болды. Қабдоллов 12 жасқа 16 желтоқсанда - еліміздің Тәуелсіздік күні толатынын айта кетейік.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport