Греко-римская борьба
4 қыркүйек 09:16
 

Қазақстандық баулан әлем чемпионаты финалына белдеспей-ақ жетті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық баулан әлем чемпионаты финалына белдеспей-ақ жетті ©Unitedworldwrestling

Грек-рим стилінде белдесетін қазақстандық балуан Ислам Евлоев Испанияда өтіп жатқан 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына жетті. 

blog.share

Грек-рим стилінде белдесетін қазақстандық балуан Ислам Евлоев Испанияда өтіп жатқан 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына жетті. 

82 келіде белдесетін Евлоев алтын үшін түркиялық Альперен Бербермен кездесу өткізеді.

Ислам жартылай финалда белдеспей-ақ шешуші кезеңге өткенін айта кетейік. Оның қарсыласы, ресейлік Абдурахман Абдулкадыров белдесуге шықпай қойды. 

Бұған дейін қазақстандық балуан: 1/8 финалда германиялық Антон Бушхольцті (8:0) және 1/4 кезеңде қытайлық Ши Чанг Женьді (8:0) жыққан еді. 

Фианлға жеткен тағы бір қазақстандық Юсуф Ашрапов (67 кг) болды. Ол алтынды испаниялық Ахмадреза Мохсен Нежадпен сарапқа салады.

Финалдық белдесулер бүгін, 4 қыркүйекте өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!