Қазақстан АЧ-де грек-рим күресінен көш бастап тұр
©instagram.com/kazakhstan__wrestling/
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық "классиктер" үздік атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық "классиктер" үздік атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
23 жасқа дейінгі балуандар бәсекесінде біздің спортшылар үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль иеленді.
Ербол Камалиев (55 келі), Нұрсұлтан Базарбаев (63 келі) және Мерей Мәулітханнов (72 келі) өз салмақтарында топ жарды.
Диас Әскебай, Расул Жүніс, Әлмир Төлебаев пен Мақсат Сайлау жарысты күміспен аяқтады.
Ал Бақдәулет Азамат пен Асылбек Жәнібекұлының еншісінде қола жүлде бар.
Жарнама