Греко-римская борьба
31 қаңтар 2017 18:22
 
Балуандарымыз Париж бозкілемінен олжалы оралды

  Пікірлер

blog.share

Балуандарымыз Париж бозкілемінен олжалы оралды

Париж төрінде грек-рим күресінен өткен байрақты бәсеке балуандарымыз үшін сәтті аяқталды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Жарыстың алғашқы күні 59, 71, 80, 98 келіде белдесетін балуандар бағын сынады. 59 келіде еліміздің атынан сынға түскен Мейрамбек Айнағұлов, Бағлан Жақанша, Жансерік Сәрсенбиев сынды саңлақтарымыз үздіктер қатарынан көрінді.

Айнағұлов алғашқы айналымда поляк Мичэл Трачты оңай ұтса, Бағлан да поляк Давид Эрсетичтен оңай өтті. Ал Жансерік ирандық Хажипур Мохсенге есе жіберді. Мейрамбек екінші белдесуінде мажар балуаны Эрик Торбаның осал тұсын тауып жартылай финалға жолдама алса, Бағлан жастар арасындағы Еуропа чемпионы, армян балуаны Геворг Гарибяннан айласын асырды. Сөйтіп екі қазақ балуаны ақтық айқасқа жолдаманы өзара сарапқа салып, Мейрамбектің мысы басым болды. Ал Жансеріктің қарсыласы ирандық спортшының финалға шығуына байланысты қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Мейрамбек ақтық айқаста сүрінсе, Бағлан мен Жансерік қола жүлде үшін белдесулерінде Мичэл Трач пен Тигран Галустянды қапыда қалдырды.

71 келіде Демеу Жадыраев Ақтық айқасқа дейін қарсылас шақ келтірмеді. Алғашқы айналымда Джэйсон Уилсонды ұтса, екінші айналымды француз Эврик Никогосянның мысын басты. Бұл салмақта бағын сынаған Нұржан Надыров пен Әбунасыр Өмірзақ алғашқы айналымда кездесіп, Надыров жеңісті жұлып алды. Надыров екінші белдесуінде француз балуанын оңай ұтқанымен, жартылай финалда Жадыраевтан өте алмады. Ал Жадыраев ақтық айқаста мажарлық Роберт Фритчқа есе жіберді.

80 келді Даулет Жақсылықов пен Дидар Керімбаев та алғашқы айналымда жолығып, Даулеттің мысы басым болды. Бірақ, Жақсылықов екінші белдесуінде Питер Нагидан ұтылды. Дегенмен, қола жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болған Даулет барын салып Анис Гарбиді тізе бүктірді.

Жарыстың екінші күні 66 келіде сайысқа түскен Нұрғалым Қуандық пен Айдын Нұғымановтың жолы алғашқы айналымда түйісіп, өзара мықтыны анықтады. Айдыннан айласын асыра алған Нұрғалым мажар балуан Бэнче Балатонидың да осал тұсын оғай тапты. Нұрғалымның жолын ирандық Али Арсалан бөгесе, Нұртай Нұрғалиев алғашқы белдесуінде-ақ армян Карен Асланяннан ұтылды.

75 келіде Мирас Баршылықов пен Тамерлан Шадукаев ел намысын қорғады. Шадукаев алғашқы айналымда сүрінсе, Мирас алғашқы айналымда Николас Кристэнді сосын Лука Дариоззиді қапыда қалдырды. Мирастың жолын жартылай финалда Аркадиус Кулинич бөгеді. Дегенмен, Мирас қола жүлде үшін өткен белдесуде поляк балуанын еш қиындықсыз жеңді.

85 келдіде өнер көрсеткен Санжар Бағашар мен Азамат Құстыбаев жақсы нәтижеге қол жеткізе алмады. Санжар алғашқы белдесуінде мажар балуанына есе жіберді. Азамат Валид Десчиевті ұтқанымен, Арменияға Рио Олимпиадасының жолдамасын сыйлаған Максим Манукянның қарқынына төтеп бере алмады. Ал 98 келі мен аса ауыр салмақта еліміздің атынан сынға түскен балуандар болмады.

Жарнама

Живи спортом!