Тайгер Вудс ауруханадан шықты
Үш апталық ем-дом шараларынан кейін, әлемнің үздік гольф ойыншыларының бірі Тайгер Вудс ауруханадан шықты. Ақпан айының соңында ол АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында жол-көлік оқиғасына ұшырап, аяғын, білегін сындырып, бірнеше ота жасатқан еді.

Өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында ол: "Мен үйге оралып, қалыпқа келіп жатқанымды қуанышпен хабарлаймын", - деп мәлімдеді.
Айта кетейік, Тайгер Вудс Лос-Анджелес аймағында 23 ақпан күні жол талғамайтын автокөлікте жол-көлік оқиғасына ұшырағаннан кейін, оны көліктен әйнекті шағу арқылы шығаруға тура келген болатын. Полиция қызметкерлері спортшының аман қалуына оның мықты физикалық дайындығы көмек болғанын айтады. Вудс соңғы бірнеше жыл түрлі арқа жарақаттармен спортшы үшін қиын кезеңдерді бастан өткерді және апатқа дейін оның алдағы Мастерс турнирлеріне қатысуы да нақты емес еді.
Жарнама