Гольфтан "Мэйджор" турнирінің он бес дүркін чемпионы Тайгер Вудс спорттық карьерасында бір миллиард доллардан астам табыс тапқан спортшы атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Forbes журналының мәліметінше, 46 жастағы Вудс мұндай табысты тапқан үшінші спортшы атанып отыр. Дейтұрғанмен, Вудс тапқан табысының тек 10 пайызын үлкен додалардан алған. Қалған табысы Gatorade, Monster Energy, TaylorMade, Rolex және Nike компанияларымен келісімшарт жасасу арқылы түсіп отыған.
Сонымен қатар, америкалық спортшының гольф компаниялары мен мейрамханалары бар.
Еске салайық, Вудстан бөлек, Майкл Джордан мен Леброн Джеймс бір миллиард доллардан астам табыс тапқан.