Еркін күрес
4 қыркүйек 17:21
 

Таразда Wrestling Stars халықаралық турнирі өтеді

  Пікірлер

blog.share

Таразда Wrestling Stars халықаралық турнирі өтеді ©kazsports.kz

27 қыркүйек күні Таразда әлемнің үздік балуандарының қатысуымен еркін күрестен Wrestling Stars халықаралық турнирі өтеді, деп жазады Olympic.kz. 

blog.share

27 қыркүйек күні Таразда әлемнің үздік балуандарының қатысуымен еркін күрестен Wrestling Stars халықаралық турнирі өтеді, деп жазады Olympic.kz. 

Осымен үшінші рет өтетін дәстүрлі турнирге еркін күрестен еліміздегі үздік балуандар қатысады. Алдын ала мәлімет бойынша, еркін күрестен Азия чемпионы Санжар Досжанов, ел чемпионы Мейіржан Әшіров бастаған спортшылар Тараз кілемінде бақ сынайды. 

Турнирге қатысуы мүмкін спортшылар қатарында еркін күрестен 2023 жылғы әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан да бар. 

Сондай-ақ, әлемдік күрес жұлдызы, екі дүркін әлем чемпионы Франк Чамисо да жарысқа  қатыспақ. 

Айта кетелік, бұған дейін ірі халықаралық турнир Ақтөбе және Астана қалаларында ұйымдастырылған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!