Еркін күрес
3 қыркүйек 14:39

Олимпиада алтынын үш рет алған балуан көз жұмды

©trud.ru

Еркін күрестен үш дүркін Олимпиада чемпионы 87 жасқа толған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Беларусь күрес федерациясы ақпарат таратты.

Беларусь балуаны Александр Медведь 87 жасында қайтыс болды. Ол еркін күрестен үш мәрте Олимпиада чемпионы атанған болатын. 

"ХХ ғасырдың үздік балуаны, үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Васильевич 87 жасында қайтыс болды. Жатқан жерің жайлы болсын. Александр Васильевичтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Александр Медведь үш түрлі салмақ дәрежесінде үш дүркін Олимпиада чемпионы атанған спортшы.

Ол жеті рет әлем чемпионы (1962-1963, 1966-1967, 1969-1971), үш рет Еуропа чемпионы (1966, 1968 және 1972), сонымен қатар тоғыз рет КСРО чемпионы (1961-1970) болған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport