Еркін күрес
3 қазан 2021 15:31

Мейрамбек Қартбай бірінші айналымда ұтылды

©olympic.kz

Норвегияның Осло қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем біріншілігінде еркін күрестен Қазақстан командасының тағы бір өкілі жеңіліс тапты деп жазады Vesti.kz басылымы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

57 келіге дейінгі салмақта белдескен Мейрамбек Қартбай бірінші кездесуде жеңіліп қалды. Ол моңғолиялық Бехбайар Ерденабатпен жолығып, қарсыласына 5:10 есебімен есе жіберген. 

Еркін күрестен Қазақстан командасының екі өкілі қола медальға таласады. 86 келідегі Азамат Дәулетбеков пен 125 келідегі Олег Болтин әлемдік доданың жүлдесінен үмітті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport