Вольная борьба
19 тамыз 2018 23:35
 
Қазақ балуандары Азия ойындарының алғашқы күні 3 медаль иеленді

  Пікірлер

blog.share

Қазақ балуандары Азия ойындарының алғашқы күні 3 медаль иеленді olympic.kz

Джакартадағы Азия ойындарының алғашқы күні еркін күрес балуандары боз кілемге шықты. Данияр Қайсанов – күміс жүлдегер атанса, Саятбек Оқасов пен Әділет Давлумбаев қола жүлдеге қол жеткізді.

Бірінші күні қазақстандық балуандар 4 салмақта жарыс жолына шықты. 57 кг салмақ дәрежесінде Жандос Исмайылов алғашқы белдесуінде Ауғанстаннан келген балуанды жеңді. Екінші белдесуінде ҚХДР балуаны Кумсонг Кангке жол беріп, жарысты аяқтады. 97 кг салмақта Бақдәулет Әлментай да жүлделі орынға ілікпеді. Алғашқы кездесуінде моңғол балуанына есе жіберді.

74 кг салмақта Данияр Қайсанов финалға дейін жетті. Алтын медальға адым жер қалғанда сүрінді. Ол ширек финалда вьетнамдық Кан Таи Дудан, жартылай финалда оңтүстік кореялық Гонг Вунг Муннан басым түсті. Алайда финалда өзбек балуаны  Бекзод Абдрохмоновтан айласын асыра алмады. Данияр Тбилисиде өткен Гран-при жарысында Бекзодтан 10:0 есебімен жеңілген еді. Бұл жолы 3:2 есебімен жол берді. Бекзод – Азия біріншілігінің, Азия ойындарының жеңімпазы.

Саятбек Оқасов (65 кг) пен Әділет Давлумбаев (86 кг) қола жүлдегер атанды. Саятбек жарысты 1/8 финалдан бастады. Алғашқы белдесуінде оңтүстік кореялық Ли Сун Чолды, одан кейін Қытай қазағы Ерланбек Кәтейді жеңді. Ал жартылай финалда жапониялық Даичи Такатаниден жеңілді. Қолаға таласта түркіменстандық Батыр Боржаковтан басым шықты.

Әділет Давлумбаев бірінші белдесуінде тәжік балуанын айқын жеңді. Ширек финалда Ауғанстаннан келген қарсыласын жарыс жолынан шығарды. Жартылай финалда ливандық балуанға жол беріп алды. Кейіннен қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алып (ливандық балуанға финалға шыққаннан), өз сәтін оңтайлы пайдаланды. Қырғызстандық қарсыласын ұтып, қола жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде 1 алтын, 1 күміс, 2 қоламен жалпы есепте бесінші орында келеді. Алтынды семсерлесуден Дмитрий Алексанин иеленді.

Жарнама

Живи спортом!