Осыған байланысты Париждік клуб дәлел де тапты. Дәлел Таяу шығыс елдерінде ойынды көрсеткен BeIN Sports компаниясының видеосында бар. Бұл видеода Гонсалестің испан тілінде Неймарды маймыл деп айтқаны анық көрініп тұр екен.
ПСЖ басшылары бұл дәлелді бірнеше ойыннан шеттетілуі мүмкін деген Неймарды қорғауға қор көмектеседі деп отыр.
Ал Франция жерінде бұл матчты көрсеткен Téléfoot, арнасы болса Гонсалестің бұлай айтқаны туралы ешқандай дәлел жоғын мәлімдеді.
Айта кетейік, "ПСЖ" мен "Марсель" арасындағы ойын 0:1 есебімен аяқталды. Ойын барысында париждіктерден үш ойыншы (Лейвин Курзава, Неймар, Паредес), ал марсельдіктерден екеуі (Дарио Бенедетто, Жордан Амави) алаңнан қуылды. Неймар "Марсель" қорғаушысы Альваро Гонсалестің бетінен тартып жібергені үшін қызыл қағаз алды.