Франция
11 шілде 2023 13:13
 

"Барселона" Неймарды неге қайта қатарына қосқысы келмейді?

  Пікірлер

blog.share

"Барселона" Неймарды неге қайта қатарына қосқысы келмейді? ©ПСЖ

Каталонияның "Барселона" футбол клубы бразилиялық ойыншы Неймарды қайта команда қатарына қосқысы келмейді, деп хабарлайды Mundo Deportivo.

blog.share

Каталонияның "Барселона" футбол клубы бразилиялық ойыншы Неймарды қайта команда қатарына қосқысы келмейді, деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Басылым ақпараты бойынша футболшының агенті "блаугранаға" ұсыныс жасаған. Бірақ каталондық клуб басшылығы бұл ұсыныстарынан бас тартқан. Өйткені бұл қазіргі жағдайда клуб үшін қаржылық тұрғыдан тиімсіз. Сондай-ақ клуб басшылығы Неймар команданың ойын аурасына кедергі келтіруі мүмкін деген де ойда.

Бұған дейін Неймар қазіргі командасы ПСЖ-дан кететіні жайлы ақпарат тараған. Баруы мүмкін команданың бірі ретінде "Барселона" таңдалған еді. Ал каталондық клуб футболшының белгілі бір мөлшерде жалақысын париждік команда төлеуге келіссе алмақ болған. Неймар болса ПСЖ-да жылына 31 миллион еуро көлемінде еңбекақы алады.

31 жастағы бразилиялық "Барселона" сапында 2013-2017 жылдар аралығында ойнады. Кейіннен ПСЖ-ға 222 миллион еуро көлемінде келісімшартпен ауысып, рекорд жасаған-ды. Келісімшарты 2025 жылдың маусым айына дейін жарамды. Transfermarkt басылымы ойыншының трансферлік құнын 60 миллион еуроға бағалап отыр.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!