Жамбылдық "Тараз" командасының футболшылары мен бапкерлеріне клубтың кассасында ақша жоқ екені айтылды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.
Соңғы мәрте "Тараз" ойыншылары 20 тамыз күні маусым айы үшін айлық алған. Содан бері жалақысыз жүр. Бірақ клубтың директоры мен қала әкімі орынбасарларының бірі бұдан бұлай ақшаның кешікпейтіні туралы айтқан.
Одан бөлек, жамбылдық команда ойыншылары үстемақы да берілмеген. Ал Бірінші лигадағы команда футболшылары маусымнан бастап айлықтарын алмаған. "Тараз" командасының бапкерлері де тура осындай жағдайда.
Айта кетейік, команданың жылдық бюджеті - 1,2 миллиард теңге. "Таразда" бес қана легионер бар. Ал команда футболшылары ел чемпионатында ең аз жалақы алатындардың қатарында. Ойындарға ұжым чартерлік рейстермен ұшпайды.
Еске салайық, 22 турдан кейін "Тараз" турнир кестесінде 25 ұпай жинап, 11-орында келеді. Келесі кездесуін бұл команда 3 қазан күні сырт алаңда "Атырауға" қарсы өткізеді.