Конференция лигасындағы қазақстандық командалардың қарсыластары анықталды

Бүгін, 2 тамыз күні Швейцарияның Ньон қаласында Конференция лигасы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды, деп жазады Vesti.kz порталы.
Бүгін, 2 тамыз күні Швейцарияның Ньон қаласында Конференция лигасы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды, деп жазады Vesti.kz порталы.
Жеребенің қорытындысы бойынша егер "Қайрат" Еуропа лигасынан шығып, Конференция лигасына түсетін болса, онда плей-офф кезеңінде "Линфилд" (Солтүстік Ирландия) - "Фола" командаларының арасындағы жеңімпазға жолығады.
Ал "Астана" келесі кезеңде финляндиялық КуПС командасына өтетін болса, плей-офф кезеңінде германиялық "Унион Берлинге" командасына түседі.
"Шахтер" мен "Тобыл" командалары плей-офф-кезеңіне шығып жатса, "Спартак" Трнава - "Маккаби" және "Яблонец" (Чехия) - "Селтик" (Шотландия) командаларының жеңімпаздарына қарсы ойнайды.
Жарнама