Казахстан(футбол)
1 наурыз 2017 14:16
 
Айсұлтан Назарбаев жаңа қызметі жайлы: Ұлттық футболға оппозиция емеспін!

  Пікірлер

blog.share

Айсұлтан Назарбаев жаңа қызметі жайлы: Ұлттық футболға оппозиция емеспін!

Айсұлтан Назарбаев ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдары және Ұлттық Қауымдастықтарымен байланыс бойынша вице-президент міндетін атқарушы қызметіне тағайындалғаны жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚФФ-ның алдыңғы басшылығына қатысты қатаң ұстанымымды барлығыңыз білесіздер. Айтқан сындарымның бірде-бір сөзін қайтарып алмаймын. Пікірімнің басты мақсаты - футболымыздың өңделу механизмін жасау. Қазақстандық футболды, өміріміздің басқа жақтарын қаншалықты өзгертуге күшіміз жетеді? Сын айту "кәсіби оппозиционер" болуды білдірмейтінін жақсы білемін. Ұлттық футболға оппозиция емеспін! Сондықтан жаңа адамдар маған қол ұшын созып, бірге болуды сұрағанда оған атүсті қарамадым. ҚФФ-ның жаңа басшылығымен кездестік. Ашық әңгімелестік. Адамдардың істі жете түсініп, пайда болған және жиналып қалған проблемалардың бастан асатынын түсінетін адамдардың сөзін тыңдағаннан кейін шешім өзі жасалды", - деп жазды Айсұлтан Назарбаев Facebook желісінде.

Оның айтуынша, қазақстандық футболды көтеру үшін бейбітшілік, келісім және жасампаздық жалпыға бірдей ұмтылыс керек. 

"Бірігуіміз керек, сондықтан алға қойған міндеттерді орындаймын. Жеке басымның қалауына қарамастан. Бүгінгі шешімімде жеке бас шаруам жоқ. ҚФФ жетекшісі емеспін, стратегияны анықтамаймын, федерацияның жұмысындағы негізгі бағыттарға әсер ете алмаймын. Футбол бізді алаңға шыққанымызда команда болуға үйретеді. Мұнда жеке шаруа болмайды, пікірлер қайшылығы мен менмендікке жол жоқ. Ортақ мақсат болса, оған бәрі де кіріседі. Сондықтан ҚФФ командасында мен ортақ игілік үшін бір саланы қолға алып, көркейтуге дайын қарапайым, қатардағы жұмысшымын. ФИФА-мен және УЕФА-мен, ұлттық федерациялармен байланыс орнату - біздің дамуымыз үшін ең маңызды мәселелердің бірі", - деп жазады Айсұлтан Назарбаев.

Еске салайық, кеше Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің шешімімен ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдары және Ұлттық Қауымдастықтарымен байланыс бойынша вице-президент міндетін атқарушы қызметіне тағайындалған еді.

Жарнама

Живи спортом!