Шведциялық шабуылшы Златан Ибрагимович футболшы карьерасын аяқтады. Бұл туралы форвардтың өзі Италия чемпионатының "Милан" мен "Вероноа" (3:1) арасындағы 38-тур матчінен кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
41 жастағы ойыншы жарақат салдарынан "Милан" үшін биылғы маусымда тек 4 матчке қатысып, 1 гол салды.
"Дем ала алмай тұрмын, бірақ бәрі дұрыс, бұл стадионмен қанша естелік байланысты. Сендер маған махабат, одан кейін бақыт сыйладыңдар. Отбасыма шыдамдылық үшін алғыс білдіремін. Екінші отбасыма - ойыншыларға рахмет айтамын. Бапкерге, қызметкерлер мен менеджерлерге рахмет.
Жанкүйерлерге шын жүректен алғыс айтамын. Футболмен қоштасатын уақыт келді, алайда сіздермен емес", - деп береді Ибрагимовичтің сөзін Gianlucadimarzio.com.