Зайнутдиновтың пасынан кейін керемет гол соғылды

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА-ның жеңіске жетуіне көмектесті, жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА-ның жеңіске жетуіне көмектесті, жазады Vesti.kz тілшісі.
Испанияның "Мурсия" командасына қарсы өткен ойында мәскеулік ұжым 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Негізгі құрамда алаңға шыққан жерлесіміз 60-минутта Антон Заболотныйдың гол соғуына мүмкіндік жасады. Қайшылап тепкен Заболотный матчтағы әдемі голдардың бірін салды.
Жарнама