"Краснодар" басшылығы бас бапкер Виктор Гончаренко мен оның көмекшілері – Василий Березуцкий мен Александр Ермаковичті қызметінен босатты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған дейін "Краснодар" бапкер Руслан Зубик пен аналитик Андреа Бьянканы жұмыстан шығарған еді.
Қазіргі таңда ресейлік команда турнир кестесінде 29 ұпаймен төртінші орында тұр. Қысқы үзілістен кейін ішкі біріншіліктегі келесі кездесуін ақпан айының 26 жұлдызы Мәскеудің "Локомотивіне" қарсы өткізеді.
Еске салайық, Гончаренко осыған дейін Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын ЦСКА клубының бас бапкері болған.