Футбол
9 желтоқсан 2020 10:39
 

"Ювентус" сырт алаңда "Барселонаны" ойсырата ұтты

  Пікірлер

blog.share

"Ювентус" сырт алаңда "Барселонаны" ойсырата ұтты Сурет: Sportbox

Туриндік "Ювентус" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің алтыншы тур матчінде "Барселонаны" ұтты,- деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Туриндік "Ювентус" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің алтыншы тур матчінде "Барселонаны" ұтты,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу "Камп Ноу" стадионында өтіп, 3:0 есебімен алаң қонақтарының пайдасына аяқталды. 

Команда жұлдыздары Криштиану Роналду мен Лионель Месси алаңға негізгі құрамда шықты. Аргентиналық бұл ойында көзге түсе алмады, ал португалиялық дубль жасады, екі рет те пенальтиді сәтті орындады - 13 және 52-ші минутта. 

"Барселона" қақпасына тағы бір голды 20-шы минутта Вестон Маккенни салды.

"Барселона" мен "Ювентус" плей-офф кезеңіне өтіп тұр.  Алайда енді туриндік клуб G тобында бірінші орында. 

Жарнама

Живи спортом!