Футбол
6 қараша 2020 14:56

"Ювентус" пен "Барселона" Франция құрамасының экс жұлдызының ұлына көз тігіп отыр

Сурет: UA-Football

Менхенгладбахтық "Боруссияның" франциялық шабуылшысы Маркус Тюрам "Барселона", "Манчестер Сити" және "Ювентус" сияқты еуропалық клубтарды қызықтырып отыр,- деп хабарлайды "Чемпионат"

Мұның алдында 23 жастағы футболшыға "Ливерпуль" мен "Реал" да назар салған еді.

2020 жылдың жазына дейін Тюрам "Генгам" клубында ойнады. Осы маусымда ол "Боруссия" үшін он матчте үш гол салып, бес нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, футболшы алғаш рет Франция құрамасына шақыртылып отыр. 

Маркус Тюрам Франция құрамасының бұрынғы қорғаушысы Лилиан Тюрамның баласы, клубтық деңгейде ол "Монако", "Парма", "Ювентус" пен "Барселонада" ойнаған.