Вороговскийдің голы командасын жеңілістен құтқарды
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский "Моленбек" сапында гол соғып командасын жеңілістен құтқарды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский "Моленбек" сапында гол соғып командасын жеңілістен құтқарды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бельгия біріншілігінің төртінші турында "Моленбек" өз алаңында "Андерлехт ІІ" командасын қабылдады. Жульен Дюранвиль мен Симон Мишенің голдары соңғы минуттарға дейін қонақтарға басымдық берсе, 87-минутта Ворговский есеп айырмасын қысқарта алды. Ал араға үш минут салып Джейк О'Брайен таразы басын теңестірді.
Еске салайық, 26 жастағы Вороговский жыл басынан бері "Моленбек" сапында доп теуіп келеді. Шілде айында бельгиялық клуб ойыншыны "Қайраттан" толыққанды сатып алды.
Жарнама