Футбол
23 сәуір 07:02

Винисиус Жуниор "Барселонаға" ауысатын болды

©instagram.com/vinijr/

Мадридтік "Реалдың" бразилиялық вингері Винисиус Жуниор толыққанды трансфер жасау мақсатында өз агенттерін "Барселонамен" хабарласуды сұрағаны туралы қауесет тарады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Винисиус "Барселона" сапына бұрын да өтуі мүмкін еді

Бұл жағдай бразилиялықтың "Реалға" ауысуынан бұрын болған. Мадридтік клубпен келіссөздер жүргізер алдында Винисиус каталондықтарға қосылуы мүмкін еді. Бұл кезеңді есіне алған бразилиялық футбол агенті Андре Кури айтып берді. 

"Біз Винисиуспен және оның агенттерімен кездестік, өйткені олар бізден осыны сұраған еді. "Барселонаға" өтуге бәрі дайын болды.

Алайда, соңында оның отбасы мен агенттері ойларын өзгертті. Мұнда түсініксіз қалған тұстар көп, бірақ, құрметсіздік таныту болған жоқ. Бұл – футбол", – деп береді Куридің сөзін Barcauniversal.

Еске салайық, Винисиус "Реалға" 2018 жылдың жазында ауысты. Ол мадридтіктер сапына барзилиялық "Фламенго" клубынан 45 миллион еуроға өткен еді.

Бразилиялық дұрыс таңдау жасады

Содан бері Винисиус командадағы шабуыл шебіндегі көшбасшыға айналды. Итальяндық бапкер Карло Анчелоттидің жетекшілігімен бразилиялық көптеген трофей жеңіп алды, оның ішінде Чемпиондар Лигасын екі рет (2022, 2024).

Өткен маусымның қорытындысы бойынша 24 жастағы футболшы "Жылдың үздік футболшысы" атануға сәл қалған еді. Алайда "Алтын допты" "Манчестер Сити" клубының испаниялық жартылай қорғаушысы Родриге алып кетті.


Осы маусымдағы көрсеткіштер

Осы маусымда Винисиус 46 матчте 20 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді. Қазіргі таңда ол норвегиялық Эрлинг Холандпен бқатар әлемдегі ең қымбат футболшы саналады (әрқайсысының трансфері 200 миллион еуроға бағалануды).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport