Футболдан Ресей құрамасы ӘЧ-2022 турнирінің квалификациясында Кипрді ірі есеппен ұтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Санкт-Петербургтегі матчта ресейліктер Кипр қақпасына жауапсыз 6 гол соқты. Осылайша, құрама тізгінін ұстаған бапкерлер арасында Валерий Карпин рекор орнатты. Дәлірек айтқанда, Карпин қызметіне тағайындала салысымен алты кездесудің бесеуін жеңіспен аяқтады.
Ресей 0:0 Хорватия
Кипр 0:2 Ресей
Ресей 2:0 Мальта
Ресей 1:0 Словакия
Словения 1:2 Ресей
Ресей 6:0 Кипр
Осыған дейін Ресей командасын жаттықтырған 12 бапкер мұндай жетістікке жетпеген. Әзірге Н тобында Ресей 22 ұпаймен жеке-дара көш бастап тұр. 20 ұпаймен Хорватия екінші орында келеді. Қос құрама соңғы турда Загребте кездеседі. Балқан түбегінде Карпин ойыншыларына Катардағы футбол тойына бару үшін тең есептің өзі жеткілікті.