Вахид Масудов "Шахтердің" бас бапкері атанды
"Шахтер" клубы белгілі қазақстандық маман Вахид Масудовты бас бапкер қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі "кеншілердің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Шахтер" клубы белгілі қазақстандық маман Вахид Масудовты бас бапкер қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі "кеншілердің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Масудов бапкерлік карьерасында 2000, 2005 және 2006 жылдары "Шахтердің" тізгінін ұстаған.
Сонымен қатар, маман "Тараз", "Атырау", "Ақжайық", "Қайрат", "Восток", "Ордабасы", "Локомотив", "Ақтөбе", "Мақтаарал" және Қазақстан құрамасын жаттықтырған. Сондай-ақ, Қазақстан жастар құрамасында жұмыс істеген.
Маусым басында "Шахтерді" Магомед Адиев баптаған. Артынша Адиев ұлттық құрамаға кеткен соң ресейлік Константин Емельянов бас бапкердің міндетін уақытша атқарды.
Қазіргі таңда Қарағанды қаласының басты командасы турнир кестесінде тоғызыншы орынға жайғасқан.
Жарнама