"Үйіне ұры түскен". Англия құрамасының ойыншысы ӘЧ-нан кетуге мәжбүр болды
Англия құрамасының ойыншысы Рахим Стерлингтің Тұманды Альбиондағы үйіне ұрылар түсті. Осыған орай футболшы Қатардағы футбол тойынан кетті. Бұл туралы The Sun басылымы хабарлады.
Англия құрамасының ойыншысы Рахим Стерлингтің Тұманды Альбиондағы үйіне ұрылар түсті. Осыған орай футболшы Қатардағы футбол тойынан кетті. Бұл туралы The Sun басылымы хабарлады.
Стерлингтің үйіне түскен ұрылар 300 мың фунт стерлинг тұратын сағатты қолды қылған. Дәл сол кезде оның қызы мен келіншегі үйінде болған.
Қатардағы әлем чемпионатында құрамасымен жүрген Рахим Стерлинг шұғыл түрде Англияға қайтауға мәжбүр болды. Бас бапкер Гарет Саутгейт футболшының бұл шешімін құптаған. Стерлинг биылғы мундиальда алаңға екі рет шығып бір гол және бір нәтижелі пас берді.
Еске салайық, топтан шыққан Англия ойыншылары турнирдің 1/8 финалы аясында Сенегал командасын 3:0 есебімен ұтып, 10 желтоқсан күні 1/4 финалда Франциямен кездеседі.
Жарнама