Үш голды да бір ойыншы салды. Қазақстан - Словения матчі хет-трикпен бітті

©instagram.com/nzs_si/

УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің екінші турында Қазақстан құрамасы ірі есеппен ұтылды. 

Любляндағы "Стожице" стадионында өткен ойын Словенияның пайдасына 3:0 есебімен аяқталды.

Словения құрамасы бірінші таймда-ақ екі гол салып тастады. Беньямин Шешко бес минутта (23 және 28-минут) дубль жасады. 



Үзілістен кейін (63-минутта) Шешко хет-трик жасады. Германиялық "РБ Лейпциг" командасында өнер көрсететін шабуылшы айып алаңынан ұшқан допты баспен тура салды. 


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар