Футбол
22 қараша 2019 14:16

Үш ай жеңіске жете алмаған қазақстандық клуб шетелдік бапкерді қызметінен босатады

© SportX.kz
Болгариялық Николай Костов "Шахтер" бас бапкері қызметінен кетеді. Бұл туралы Saryarqa арнасына берген сұхбатында қарағандылық клубтың атқарушы директоры Ерлан Оразаев мәлімдеді.

56 жастағы Костов "Шахтерді" 2018 жылдың жазынан жаттықтырып келеді.

"Ол менің түсінігімде нәтиже көрсете алмағандықтан командада болмайтын шығар. Оның келісімшарты аяқталды, ал біз ол қызмет еткен шарттар бойынша ары қарай жалғастыра алмаймыз", - дейді Оразаев. 

Айта кетейік, "Шахтер" маусымды үш ай жеңіске жете алмай аяқтады. Соңғы рет қарағандылықтар 18 тамызда жеңді, осыдан кейін жеті рет ұтылып, екі рет тең ойнады.