Уругвай құрамасы Америка кубогы топтық кезеңінің төртінші тур матчінде Боливияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бразилияның Куяба қаласында өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды.
40-шы минутта Боливия қақпашысы Карлос Лампе автогол кіргізіп алды. Ал 79-шы минутта Эдинсон Кавани екінші допты қақпаға салды.
Осылайша, төрт ұпай жинаған Уругвай турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Боливия соңғы.