Ұлттар Лигасының финалын қабылдауға төрт ел өтініш берді
©Reuters
2022/23 жылы өтетін УЕФА Ұлттар Лигасының финалын қабылдауға бірнеше ел өтініш білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
2022/23 жылы өтетін УЕФА Ұлттар Лигасының финалын қабылдауға бірнеше ел өтініш білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазірдің өзінде Бельгия, Польша, Нидерланды және Уэльс елдерінің федерациялары финалды қабылдауға дайын екендіктерін жеткізді. Осы орайда Еуропа футбол одағы нақты шешімді биылғы жылдың 5 қазанында қабылдайды.
Еске салайық, өткен жылы Ұлттар Лигасының финалы Италияда өткен еді. Финалда Франция мен Испания кездесіп, 2018 жылғы әлем чемпионы 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Жарнама