Футбол
7 маусым 2022 09:55

Ұлттар лигасындағы сенсациядан кейін Қазақстан тарихи көрсеткішке жетті

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымында УЕФА жарыстары тарихындағы ең мықты бастамасын көрсетті, деп хабарлайды "Спорт Шредингера".

С дивизионындағы үшінші топта Магомед Адиев жаттықтыратын команда екі жеңіске жетті, алдымен өз алаңында Әзірбайжанды (2:0), одан кейін сыртта Словакияны ұтып (1:0), сенсация жасады. 

Екі ойында команда үш гол салып, бір де бір рет допты қақпасына өткізбеді. 

Осы екі ойыннан кейін Қазақстан құрамасы топта бірінші орынға шықты.

Келесі матч Сербияның Нови-Саде қаласында Беларусь командасына қарсы өтеді. Ойын 11 маусымға жоспарланған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport