Футбол
17 желтоқсан 2021 11:07
 

Ұлттар лигасындағы Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

  Пікірлер

blog.share

Ұлттар лигасындағы Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды ©ҚФФ

Қазақстан құрамасы 2022 жылы Ұлттар лигасының кезекті жарысына қатысады. 

blog.share

Қазақстан құрамасы 2022 жылы Ұлттар лигасының кезекті жарысына қатысады. 

24 және 29 наурыз күндері өтпелі матчта Молдова құрамасын ұтар болса, онда Қазақстан құрамасы "С" лигасында қала береді. Осыған орай Швейцарияның Монтре қаласында өткен жеребе тарту рәсімінде Қазақстан құрамасына Словакия, Беларусь және Әзербайжан қарсылас болып шығады. 

Ал егер Қазақстан құрамасы екі ойынның қорытындысында Молдоваға жол беретін болса, онда "D" лигасында өнер көрсетуге мәжбүр болады. Ондай жағдай орын алған кезде біздің командамызға Лихтенштейн, Андорра және Латвия құрамалары қарсылас болады. 

Топтық кезеңнің матчтары 2022 жылдың маусым айында басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!