Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Руслан Валиуллин допинг тесттен өте алмады деген ақпарат расталды. Бұл туралы "Серый Кардинал" телегрем арнасында "Ақтөбе" клубының бұрынғы спорт директоры Асхат Қалжанов хабарлады.
"Өкінішке қарай, Руслан Валиуллинге қатысты кешегі ақпарат расталды. Футболшының өзі әзірге ештеңе айта алмайды, өйткені өзі ештеңе білмейді. Карьерасына қалай әсер ететіні, қасақана ма, дәрігерлер қателігі ме әлде жай ғана түсінбестік пе, белгісіз. Алайда Украина-Қазақстан матчі жоққа шығарылмайды. Руслан Қазақстанға келіп алғанын хабарлады. Бәрі оңынан шешілер деген үміттеміз", - дейді мәлімет көзі.