Уэльс пен Швейцария құрамалары Еуропа чемпионатындағы бірінші ойынында тең түсті

Еуропа чемпионатындағы бірінші матчінде Уэльс пен Швейцария құрамалары тең ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Еуропа чемпионатындағы бірінші матчінде Уэльс пен Швейцария құрамалары тең ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz.
А тобындағы кездесу Бакуде өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Швейцария командасынан Брель Эмболо гол салды (49-шы минутта), ал Уэльс құрамасынан Киффер Мур (74-ші минут).
Еске салайық, ашылу салтанатындағы матчте Италия құрамасы Түркияны ұтты. Осылайша, Италия үш ұпай жинап, А тобында көш бастады.
16-маусымдағы келесі айналымда Уэльс командасы Түркия құрамасымен ойнайды.
Жарнама