УЕФА президенті Александер Чеферин "Реал", "Барселона" және "Ювентус" командалары ұйымнан шығып кетсе қарсы болмайтынын мәлімдеді.
"Олар кетсе қарсы болмаймын, басқа жарыс ұйымдастырғысы келгенімен осы маусымды Чемпиондар лигасында ойнамағы қызық. Бұл үш клубтың да менеджері біліксіз. Олар футболды өлтіруге тырысты.
"Реал" президенті Флорентино Перес клуб Суперлигада ғана аман қалады деп шағымданып, кейін Килиан Мбаппе үшін 180 миллион ұсынып отыр", - деп береді Чеферин сөзін "Матч ТВ" арнасы Der Spiegel басылымына сілтеме жасап.
Еске салайық, "Реал", "Барселона" және "Ювентус" еуропалық Суперлиганы ашуды жақтап, бұл жобадан шығудан бас тартып отыр.