Қазақстанның екі дүркін чемпионы "Қайрат" биылғы маусымда Конференция лигасында допты тартып алу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарға шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
УЕФА сайтында жазылғандай, халықтық команда 71 рет допты алып қойған. Бұл көрсеткіш бойынша Аустрияның ЛАСК (73) көш бастап тұр. Топ бестікке Украинаның "Зарясы", Кипрдің "Анортосисі" (64) және Нидерландының "Витесс" (63) клубтары алғашқы бестікке кіреді.
Еске салайық, Конференция Лигасының топтық кезеңінде "Қайрат" Н тобында болып ең соңғы орын алды.