УЕФА Еуро-2024 турнирінің ең мықты ойыншысына қарсы іс қозғады
©Transfermarkt
Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) Испания ұрамасының ойыншылары Родри мен Альваро Моратаға қатысты тәртіптік іс қозғады.
Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) Испания ұрамасының ойыншылары Родри мен Альваро Моратаға қатысты тәртіптік іс қозғады.
Еуропа чемпионатының финалындағы Англиямен матчте (2:1) футболшылар "Гибралтар - Испаниянікі" деп айқайлай бастаған.
УЕФА-нің тәртіптік регламенті бойынша футболшыларға мынадай айып тағылауда:
1. Өзін ұстаудың жалпы ережесін бұзу.
2. Өзін лайықты ұстаудың негізгі ережесін бұзу.
3. Спорттық емес мәлімдеме үшін спорттық шараны пайдалану.
4. Футбол мен УЕФА атына кір келтіру.
Енді бұл мәселе бойынша шешім белгіленген уақытында қабылданатыны айтылыпты.
Жарнама