"Ақтөбе" командасының франциялық жартылай қорғаушысы Уго Видемон тізесіне операция жасатты, деп жазады Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ақтөбе" командасының франциялық жартылай қорғаушысы Уго Видемонға кеше операция жасалды. Сондықтан жартылай қорғаушы отанына оралуға мәжбүр болды. Қазір ол ем қабылдауды бастап кетті. Уго бірнеше айдан кейін қатарға қайта қосылып, командамен маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарына қатысады", - делінген клуб таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, Видемон "Ақтөбе" сапына биыл маусымның басында ауысты. Ол қазақстандық командада 15 кездесуге қатысып, 8 гол салып, 2 нәтижелі пас берді.