Футбол
22 қазан 2019 16:48

Түркиялық қақпашы ойын бастала сала алаңнан қуылды

© abcgazetesi.com

Түркия чемпионатының "Коньяспор" мен "Йени Малатьяспор" арасындағы сегізінші тур матчі қызықты оқиғадан басталды.

Ойын бастала салысымен қарсылас алаңында ойнаған "Йени Малатьяспор" футболшысы допты ұзақтан форвардқа қарай бағыттады. Алаң иелерінің қақпашысы Серкан Кырынтылы оны қағып алу үшін қақпадан шықты, алайда, есебі дұрыс болмады.

Айып алаңынан шығып кеткен голкипер допты ереже бойынша тоқтата алмайтынын түсінді. Дегенмен командасын голдан құтқару үшін ол допты қолымен ұстап алды, бірақ, ережені өрескел бұзғанын түсініп, қолғаптарын шешіп алаңнан шығып кетті. Төреші Серканға қызыл қағаз көрсетті. 



Азшылықта қалған "Коньяспор" 0:2 есебімен ұтылып қалды.