Қазақстан чемпионаты, 16-турда "Тұранға" қарсы кездесуге "Тобылдың" бірнеше белді футболшысы қатыспайды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Алдағы ойынға Қазақстан чемпионы сапында Түркістандағы кездесуге Алекса Аманович, Жарко Томашевич қатыспайды. Екеуі де сары қағаздың көптігіне байланысты шеттетілген.
Өткен турда екі ойыншы да сары қағаздан алды. Бұл Томашевич пен Аманович үшін төртінші сары қағаз болды.
Айта кетейік, аталған кездесу бүгін, 1 шілдеде болады. Ойын Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21:00-де басталады.