"Тұран" бапкері қызметінен кетті
"Тұран" клубының бас бапкерінің көмекшісі Қуаныш Қабдолов командадан кетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Тұран" клубының бас бапкерінің көмекшісі Қуаныш Қабдолов командадан кетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Құрметті Түркістан облысының "Тұран" футбол командасының жанкүйерлері. Сіздерге үлкен алғыс айта отырып командадан кететінімді өкінішпен айтқым келіп отыр. 1,5 жыл аясында осы клуб маған үлкен мүмкіндік сыйлады. Алдынғы жылы команданы Чемпионаттың соңғы уақытында қолға алып, Премьер лигада команданы алып қалдық. Осы жылыда қоян қолтық жұмыс жасадық. Соңғы ойыннан кейін командадан кетем деген шешім қабылдадым. Барлық жанкүйерлерге, басшылыққа, бапкерлер, медициналық,әкімшілік штабына және де ойыншыларға мың алғысымды айтқым келеді! Алдағы ойындарда алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге тілектеспін! Рахмет баршанызға", - деп жазды бапкер инстаграм парақшасында.
Еске салайық, "Тұран" чемпионатта 15 матчтан кейін 16 ұпаймен 11-орынға жайғасқан.
Жарнама